4 сағат бұрын
Лионел Мессидің керемет соққысымен «Интер Майами» Әлем чемпионатында жеңіске жетті

Клубтық әлем чемпионатында «Интер Майами» (АҚШ) пен Порту (Португалия) кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын Атлантадағы Mercedes-Benz стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Ойынның басында «Портудың» шабуылшысы Самуэль Агехова пенальтиден гол соғып, есеп ашты. 47-минутта «Интер Майами» командасының жартылай қорғаушысы Теласко Сеговия тепе-теңдікті қалпына келтірді. 54-минутта «Интер Майами» командасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси айып добынан гол соғып, командасын алға шығарды.
