20.06.2025

Дженнифер Лопестің концерті қазақ футболына қауіп төндірді

Дженнифер Лопестің концерті қазақ футболына қауіп төндірді

Апта басында футбол жанкүйерлері еурокубоктың жеребесін қызыға тамашалап, сүйікті клубтарының қарсыластарын біліп, үміт пен толқу аралас сезімде жүрген еді.

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады... «Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян әлеуметтік желіде күтпеген жаңалықпен бөлісті:

«Қазіргі уақытта біз «Зимбру» клубымен кездесулерді ауыстыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шілде айының соңында «Астана Аренада» ойнау мүмкін болмай отыр. Сондықтан алғашқы ойынды 24 шілдеде үйде өткізіп, қарымта кездесуді 31 шілдеде Молдовада ойнағымыз келеді», – деді бапкер.

Себеп? Қазақ футболының үмітіне тұсау болған әлемдік супержұлдыз Дженнифер Лопестің концерті! Instagram әлеуметтік желісінде 248 миллион оқырманы бар әншінің елордада өтетін концертіне дайындық жұмыстары кемі 5-6 күнге созылады екен. Бұл дайындықтың кесірі тек «Астанаға» ғана емес, «Қайратқа» да тиюі мүмкін. Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан алматылық команда келесі кезеңдерде матчтарын 6-7 тамыз күндері өткізуі ықтимал. Ал концерт 10 тамызға жоспарланған.

Осы орайда қарымта ойынды өз алаңында өткізу үлкен артықшылық екенін естен шығармайық. Өткен маусымда «Астана» дәл осы үйдегі матчтың арқасында «Браннды» 3:0 есебімен жеңіп, керемет камбэк жасаған еді.

Әлемдік шоу үшін ел футболының тағдырын құрбан етуге бола ма? Концерт жақсы, әрине. Бірақ ұлттық деңгейдегі маңызды матчтардың орны бөлек емес пе?

Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Футбол 43 минут бұрын

Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық төрт боксшы сайысқа түседі

Бокс 56 минут бұрын

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық төрт боксшы сайысқа түседі

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді

Футзал 1 сағат бұрын

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді

Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы

Теннис 11 сағат бұрын

Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы

4 жеңіс, 1 жеңіліс: Әлем кубогының алғашқы күні қалай өтті?

Бокс 11 сағат бұрын

4 жеңіс, 1 жеңіліс: Әлем кубогының алғашқы күні қалай өтті?

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді

Футбол 15 сағат бұрын

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді