7 сағат бұрын
«Астана» Конференция лигасындағы «Зимбрумен» алғашқы ойынын елордада өткізеді

Фото: fcastana.kz
«Астана» футболдан Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі Молдованың «Зимбру» командасына қарсы алғашқы ойынын «Астана Аренада» өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Астана» мен Молдованың «Зимбру» клубы УЕФА-ның қолдауымен өзара келісімге келіп, Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ойындарын алмастыру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, алғашқы матч 24 шілде күні «Астана Арена» стадионында, ал қарымта кездесу 31 шілдеде Кишинев қаласында өтеді.
Сондай-ақ биыл Чемпиондар лигасы алматылық «Қайрат», Еуропа лигасында «Ақтөбе», Конференция лигасында шымкенттік «Ордабасы» ел намысын қорғайды.
