8 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» «Фламенгоға» есе жіберді

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» «Фламенгоға» есе жіберді

Фото: Championat.com

Англияның «Челси» командасы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы екінші ойынында қарсыласына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жолы олар Бразилияның «Фламенго» командасымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында «Челси» сапынан Педру Нету 13-минутта есеп ашқан еді. Десе де бразилиялық команда бірінші кезеңде таразы басын теңестіре алған жоқ.

Есесіне «Фламенго» екінші кезеңде қатарынан үш гол соғып кетті. Оны Бруно Энрике 62, Данило 65, Уоллес Ян 83-минутта өзінің еншісіне жазды.

Англиялық клуб бірінші турда АҚШ-тың «Лос-Анджелес» командасынан 2:0 есебімен басым түссе, «Фламенго» дәл сондай есеппен Египеттің «Эсперанс» командасын тізе бүктірді.

Алғашқы екі турдан кейін D тобында «Фламенго» алты ұпаймен көш басына шықса, «Челси» үш ұпаймен екінші орында тұр. 

Аталған топтағы «Эсперанс» пен «Лос-Анджелес» сағат 03:00-де ойнайды.

Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Ювентус» алғашқы ойынында ірі есеппен жеңді.


Клубтар арасындағы ӘЧ: «Бенфика» алғашқы жеңісіне жетті

Футбол 8 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Бенфика» алғашқы жеңісіне жетті

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» «Фламенгоға» есе жіберді

Футбол 8 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» «Фламенгоға» есе жіберді

«Астана» Конференция лигасындағы «Зимбрумен» алғашқы ойынын елордада өткізеді

Футбол 11 сағат бұрын

«Астана» Конференция лигасындағы «Зимбрумен» алғашқы ойынын елордада өткізеді

Еркін күрестен Маис Алиев Азия чемпионатында топ жарды 

Күрес 11 сағат бұрын

Еркін күрестен Маис Алиев Азия чемпионатында топ жарды 

Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін аяқтады

Теннис 11 сағат бұрын

Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін аяқтады

Астанада бокстан Қазақстан құрамасы ашық жаттығу өткізеді

Бокс 11 сағат бұрын

Астанада бокстан Қазақстан құрамасы ашық жаттығу өткізеді