9 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Бенфика» алғашқы жеңісіне жетті

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Бенфика» алғашқы жеңісіне жетті

Фото: Championat.com

 Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында екінші ойынында Португалияның «Бенфика» командасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

С тобында сынға түсіп жатқан португалиялық команда бұл жолы Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» клубымен шеберлік байқасты. 

Мұхит аймағы елдерінен келген «Окленд Сити» негізінен әуесқой футболшылардан құралған. Сондықтан алғашқы турда олар Германияның «Бавариясынан» 0:10 есебімен ойсырай жеңілген еді. Бұл жолы да «Бенфикаға» қауқар көрсете алған жоқ.

Алдымен ауа райының қолайсыз болуы салдарынан ойын екі сағатқа кейінге шегерілді. Кездесу барысында португалдық футболшылар қарсылас қақпасына бірінші кезеңнің соңына дейін гол соға алған жоқ.

Ойынның 45-минутында Анхель Ди Мария мергендік танытса, Вангелис Павлидис 54, Ренату Саншеш 54, Леандро Баррейро 76, 78-минутта гол соқты.

Ал Анхель Ди Мария 90-минутта кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша «Бенфика» қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Аталған топтағы «Бавария» (Германия) мен «Бока Хуниорс» (Аргентина) кездесуі қазақстандық уақытпен 06:00-ге белгіленген.   


Клубтар арасындағы ӘЧ: «Бенфика» алғашқы жеңісіне жетті

Футбол 9 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Бенфика» алғашқы жеңісіне жетті

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» «Фламенгоға» есе жіберді

Футбол 9 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» «Фламенгоға» есе жіберді

«Астана» Конференция лигасындағы «Зимбрумен» алғашқы ойынын елордада өткізеді

Футбол 12 сағат бұрын

«Астана» Конференция лигасындағы «Зимбрумен» алғашқы ойынын елордада өткізеді

Еркін күрестен Маис Алиев Азия чемпионатында топ жарды 

Күрес 12 сағат бұрын

Еркін күрестен Маис Алиев Азия чемпионатында топ жарды 

Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін аяқтады

Теннис 12 сағат бұрын

Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін аяқтады

Астанада бокстан Қазақстан құрамасы ашық жаттығу өткізеді

Бокс 12 сағат бұрын

Астанада бокстан Қазақстан құрамасы ашық жаттығу өткізеді