4 сағат бұрын
Клубтар арасындағы ӘЧ: Бүгін «Реал Мадрид» екінші ойынын өткізеді

Фото: realmadrid.com
Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында 22 және 23 маусым күндері төрт ойын өткізіледі, деп хабарлайды Sport12.kz
Алдымен 22 маусымда G тобында сынға түсіп жатқан Италияның «Ювентусі» командасы екінші турда Марокконың «Видад» клубымен кездеседі. Ойын қазақстандық уақытпен 21:00-де басталады.
Аталған топтағы «Манчестер Сити» (Англия) мен «Аль-Айн» (Біріккен Араб Әмірлігі) кездесуі 23 маусымда сағат 06:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ H тобында сағат 00:00-де «Реал Мадрид» (Испания) пен «Пачука» (Мексика), 06:00-де «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) шеберлік байқасады.
