14 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Ювентус» екінші мәрте ірі жеңіске жетті

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Ювентус» екінші мәрте ірі жеңіске жетті

Фото: Championat.com

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында Италияның «Ювентусі» командасы екінші мәрте ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

 G тобында сынға түсіп жатқан италиялық клуб екінші турда Марокконың «Видад» клубымен кездесті. Ойын барысында олар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде 6-минутта марокколық клубтан Абдельмунаим Бутуй 6-минутта өз қақпасына гол соғып алды. 

Ал 16-минутта италиялық командадан Кенан Йылдыз есепті үстемелей түссе, оған «Видад» сапынан Тембинкоси Лорч 25-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ойынның 69-минутында Кенан Йылдыз тағы бір мәрте көзге түссе, Душан Влахович 94-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Ювентус» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, екінші мәрте ірі есеппен жеңіске жетті. Бұдан бұрын олар «Аль-Айн» клубын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді аталған топтағы «Манчестер Сити» (Англия) мен «Аль-Айн» (Біріккен Араб Әмірлігі) кездесуі 23 маусымда сағат 06:00-ге белгіленген. 

https://kaz.inform.kz/news/klubtar-arasindagi-ach-bugn-real-madrid-eknsh-oyinin-otkzed-828153/

Сондай-ақ H тобында сағат 00:00–де «Реал Мадрид» (Испания) пен «Пачука» (Мексика), 06:00–де «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) шеберлік байқасады.

Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.


Әділжан Үмбет.

Бокстан Астанадағы Әлем кубогында 8 ел дебют жасайды

Бокс 1 сағат бұрын

Бокстан Астанадағы Әлем кубогында 8 ел дебют жасайды

Әлем кубогы: Германия құрамасы Астанаға келді табан тіреді 

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Германия құрамасы Астанаға келді табан тіреді 

Садриддин Ахмедовтың рингке қашан оралатыны белгілі болды

Бокс 2 сағат бұрын

Садриддин Ахмедовтың рингке қашан оралатыны белгілі болды

Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Басқа 3 сағат бұрын

Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Александр Бубликтың Германиядағы турнирде қанша қаражат тапқаны белгілі болды

Теннис 3 сағат бұрын

Александр Бубликтың Германиядағы турнирде қанша қаражат тапқаны белгілі болды

Чемпион атанған Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарлады

Теннис 4 сағат бұрын

Чемпион атанған Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарлады