15 сағат бұрын

Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазды. 

- Спорт журналистикасының жазылмаған заңы бар. Футболдан ұлттық құраманың баспасөз хатшысы болу ең биік қызмет болып саналады. Бұл жұмысқа қолы жеткен бар, жетпеген бар. Әлі де армандап жүргендер баршылық. Басқа елдерде де солай. Мен, құдайға шүкір 4 жыл жұмыс істеп арманымның біріне қол жеткіздім. Талғат Маруаұлы Байсуфиновпен де, Магомед Әдиевпен де, Станислав Черчесовпен де, ең соңы Әли Әлиевпен де қызметтес болдым. Ұлттық құрама ойындарының біреуінде жібермей, баспасөз қызметші ретінде міндетімді атқардым. Жүрген жерімнің бәрінде қазақ тілін насихаттадым. Қазақ футболы қазақша сөйлесін деген ұранды алға тарттым. Маған жанкүйер қауымның өкпесі жоқ шығар.

Бірақ, әр нәрсенің аяқталар тұсы болады. Өз еркіммен саналы түрде шешім қабылдап, Қазақстан ұлттық құрамасы баспасөз хатшысы қызметінен кетемін. Менің бұл жұмысты ары қарай жалғастыруға зауқым соқпайды. Өзімді іштей жегідей жеп, жүйкемді тоздырғаным жетер. Алқымыма келіп сөз тығылған тұстар, оны айта алмай іште жасырған кездерім өте көп. Енді бұдан былай ойымды бұқпай, біреуден қаймықпай, айтар ойымды анық жеткізгім келеді. “Айтпасы сөздің атасы өлер” демекші, көрермен алдында адалдығымды сақтайын. Қазақстан құрамасына осы өмірім аяқталғанша жанкүйер болатыныма ешкімнің шүбәсі жоқ. Менсіз де футбол тоқтап қалмас. Ары қарай өздерің…Керемет жеңісті күндердегі бақытты сәттер үшін мың алғыс, - деп жазды ол.

Сәл уақыт бұрын ол подкасттың бірінде Қазақстан футболында келісілген ойындардың көп екенін жасырмай айтып салған еді. Содан кейін өзіне қысым жасалып жатқанын да жасырған жоқ.

Артур Шушеначев «Ақтөбе» командасы сапына қосылды

Футбол 10 сағат бұрын

Артур Шушеначев «Ақтөбе» командасы сапына қосылды

Ұлыбритания елінің боксшылары Астанаға келді

Бокс 10 сағат бұрын

Ұлыбритания елінің боксшылары Астанаға келді

Турки Аль аш-Шейх Cауль Альварестің келесі қарсыласын атады

Бокс 14 сағат бұрын

Турки Аль аш-Шейх Cауль Альварестің келесі қарсыласын атады

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпионатының жүлдегерлері белгілі болды

Басқа 14 сағат бұрын

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпионатының жүлдегерлері белгілі болды

Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Футбол 15 сағат бұрын

Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы Freestyle Chess Grand Slam турниріне шақырту алды

Басқа 15 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы Freestyle Chess Grand Slam турниріне шақырту алды