6 сағат бұрын
Қақпашы Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатында мансабын жалғастырады

Әзербайжанның «Сабах» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатиловпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлады Sport12.kz
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым соңында мерзімі аяқталған келісімшарт тағы бір жылға ұзартылды. Покатилов 2025 жылдың қаңтарында «Сабах» сапына қосылып, өткен маусымда 19 матч өткізген.
Қақпашы клубпен бірге Әзербайжан Кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, «Сабах» ел чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Transfermarkt.com деректеріне сүйенсек, Стас Покатиловтың нарықтық құны 600 мың еуро деп бағалануда.
