13 сағат бұрын
Никита Корзун «Елімай» сапынан кетті

Фото: «Елімай» футбол клубы
Беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Корзун «Елімай» сапынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Семейлік клубпен ол екі жақты келісім бойынша қоштасты.
Өткен маусымда жанкүйерлер есінде қалған тамаша ойынымен көзге түскен Никита 7 гол соғып, өзінің ең сәтті маусымдарының бірін өткізді. 2025 жылғы маусымда «Елімай» сапында 10 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды.
- Семейлік жанкүйерлердің атынан Никитаға шын жүректен алғыс білдіреміз, - деп жазылған хабарламада.
