12 сағат бұрын
«Жеңіс» сапынан испаниялық шабуылшы кетті

Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» футбол клубы мен испаниялық Мигель Хунко арасындағы келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Мигель Хунко команда сапында бес ойынға қатысып, 2 гол соқты. Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөзден кейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданды.
- «Жеңіс» футбол клубы Микаға командаға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және мансабында сәттілік тілейді, - деп жазылған хабарламада.
Мика испаниялық «Райо Кантабрия» футбол клубының түлегі. Испаниялық «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, ойыншы камбоджалық «Свайриенгте», малайзиялық «Негри-Сембиланда» және финляндиялық «КТП-да» өнер көрсетті. Финляндиялық «КТП» командасымен бірге Финляндияның Жоғарғы дивизионына шығып, 2022 жылғы маусымның үздік бомбардирі және үздік ойыншысы атанды.
