7 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Манчестер Сити» жарысты жалғастырады

Клубтар арасындағы ӘЧ:  «Манчестер Сити» жарысты жалғастырады

Фото: Championat.com

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты 1/8 финалына шыққан барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алдымен G тобында Италияның «Ювентусі» англиялық «Манчестер Ситиге» 2:5 есебімен жол берсе, марокколық «Видад» БАӘ-нің «Аль-Айн» клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Ал H тобында Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасы мексикалық «Пачука» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірсе, аустриялық «Ред Булл Зальцбург» Испанияның «Реал Мадридіне» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл топтан жарыстың келесі сатысына «Реал Мадрид» пен «Аль-Хиляль» жолдама алды. Енді 1 шілдеде «Реал Мадрид» пен «Ювентус», «Аль-Хиляль» мен «Манчестер Сити» ойнайды.

Жарыстың аталған сатысында 28 маусымда «Палмейрас» (Бразилия) пен «Ботафого» (Бразилия), «Бенфика» (Португалия) мен «Челси» (Англия) кездеседі.

Ал 29 маусымда «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Интер Майами» (АҚШ), «Фламенго» (Бразилия) мен «Бавария» (Германия), 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.

Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ доллар. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Уимблдон турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі

Теннис 60 минут бұрын

Уимблдон турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі

Евгений Фёдоров велоспорттан ел біріншілігінде топ жарды

Басқа 1 сағат бұрын

Евгений Фёдоров велоспорттан ел біріншілігінде топ жарды

Муайтай: Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды

Басқа 1 сағат бұрын

Муайтай: Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды

Марат Омаров Қазақстан футболында келісілген матчтар болатынын мойындады

Футбол 2 сағат бұрын

Марат Омаров Қазақстан футболында келісілген матчтар болатынын мойындады

Абиба Әбужақынова мансабындағы ең қиын белдесуін атады

Дзюдо 3 сағат бұрын

Абиба Әбужақынова мансабындағы ең қиын белдесуін атады

Қайрат Сәтжанов Әлем кубогына қатысатын басты үміткерлерді айтты

Бокс 4 сағат бұрын

Қайрат Сәтжанов Әлем кубогына қатысатын басты үміткерлерді айтты