17 сағат бұрын
«Ұлытау» сапына жапониялық футболшы келді

Фото: «Ұлытау» футбол клубы
Жезқазғандық «Ұлытау» командасы сапына шетелдік екі футболшы қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жапониялық жартылай қорғаушы Котаро Киси командамен 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Ол бұған дейін Черногорияның “Mornar Bar” командасында ойнаған. “Ұлытау” сапында Котаро 7-нөмірмен өнер көрсетеді.
Грузиялық жартылай қорғаушы Пируз Мараквелидзе “Ұлытаумен” 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Ол бұған дейін Грузияның “Телави” клубында доп тепкен. Пируз “Ұлытау” сапында 30-нөмірмен өнер көрсетеді.
