4 сағат бұрын
Серікжан Мұжықов «Жетісуге» қайта оралуы мүмкін

Семейлік «Елімай» командасының капитаны Серікжан Мұжықов жазғы трансферлік терезеде «Жетісу» клубына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазіргі таңда «Елімай» сапынан бірнеше көшбасшы ойыншы, атап айтқанда Никита Корзун, Неманья Мулич және Александру Флореску командадан кеткен.
33 жастағы жартылай қорғаушы биылғы маусымда ҚПЛ-да 9 матчқа қатысып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Сонымен қатар, наурыз айында Қазақстан құрамасына қайта шақыртылған болатын.
Өткен жылы Мұжықов «Жетісу» сапында ойнаған. Алайда клубтың қаржылық қиындықтарына байланысты «Елімайға» ауысқан еді.
