4 сағат бұрын
Лионель Месси АҚШ-та ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды

MLS ойыншылар қауымдастығы 2025 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша лига ойыншыларының жалақысы жөніндегі есепті жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл тізімде «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси қатарынан екінші жыл ең жоғары жалақы алатын футболшы атанып отыр.
38 жастағы аргентиналық жұлдыздың негізгі жалақысы — $12 миллион, ал барлық кепілдендірілген бонус және сыйақылармен қоса есептегенде жылдық табысы — $20,4 миллион. Бұл көрсеткіш бойынша ол лигада жеке-дара көш бастап тұр.
Ең көп жалақы алатын МЛС ойыншылары (2025 ж., мамыр):
- Лионель Месси («Интер Майами») — $20,4 млн
- Лоренцо Инсинье («Торонто») — $15,4 млн
- Серхио Бускетс («Интер Майами») — $8,8 млн
- Мигель Альмирон («Атланта Юнайтед») — $7,9 млн
- Ирвинг Лосано («Сан-Диего») — $7,6 млн
- Федерико Бернардески («Торонто») — $6,3 млн
- Эмиль Форсберг («Нью-Йорк Ред Буллз») — $6,03 млн
- Жорди Альба («Интер Майами») — $6 млн
- Рики Пуч («ЛА Гэлакси») — $5,8 млн
- Жонатан Бамба («Чикаго Файр») — $5,6 млн
Еске сала кетейік, Лионель Месси «Интер Майами» клубына 2023 жылы қосылған. Өткен маусымда ол 20 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
