6 сағат бұрын
«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

«Қайрат» қорғаушысы Луиш Мата УЕФА Чемпиондар лигасындағы клубтың бастамасы мен ішкі біріншіліктегі алдағы матчтар туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
— Словенияның «Олимпия» командасы — алғашқы кезең үшін мықты қарсылас, — деді 27 жастағы португалиялық футболшы. — Бірақ біз дайындалып жатырмыз, еңбек етудеміз және мотивациямыз жоғары. Көптеген ойыншылар үшін бұл Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысу, сондықтан топтық кезеңге өтуді армандаймыз. Алайда еурокубоктар алдында бізді ішкі біріншілікте де маңызды кездесулер күтіп тұр — «Ордабасы» мен «Тұранға» қарсы, бұл матчтарда ұпай жоғалтпау өте маңызды. Қазақстанда да, Еуропада да әр кездесуде бар күшімізді салуға тырысамыз.
Чемпиондар лигасы іріктеуінің бірінші ойыны 8 шілдеде Словенияда «Олимпияға» қарсы өтеді, қарымта матч 15 шілдеде Алматыда болады. Жеңімпаз «КуПС» (Финляндия) — «Милсами» (Молдова) дуэтінің мықтысымен кездеседі.
ҚПЛ аясында «Қайрат» алдымен 29 маусымда сырт алаңда «Ордабасыға» қонаққа барады, ал 4 шілдеде өз алаңында «Тұранды» қабылдайды.
