10 сағат бұрын
«Челси» Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Лондондық «Челси» АҚШ-та өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында Лиссабонның «Бенфикасын» ұтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу «Bank of America» стадионында (Шарлотта, Солтүстік Каролина, АҚШ) өтіп, 4:1 есебімен «Челсидің» пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, «Бенфика» Джанлука Престианни алаңнан қуылғаннан кейін 92-минутта он адаммен ойнады.
Матч 87-минутта ауа райының қолайсыздығына байланысты үзілді.
Клубтық әлем чемпионатының 1/4 финалында Энцо Мареска шәкірттері бұған дейін «Ботафого» командасын (1:0 д.в.) жеңген бразилиялық «Палмейраспен» кездеседі.
