10 сағат бұрын

Лионель Месси клубтар арасындағы әлем чемпионатын аяқтады

Лионель Месси клубтар арасындағы әлем чемпионатын аяқтады

Фото: Championat.com

Лионель Месси ойын көрсететін АҚШ-тың «Интер Майами» командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында 1/8 финалда аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл клуб жарыстың аталған сатысында Францияның «Пари Сен-Жермен» командасымен шеберлік байқасты. 

Бірінші кезеңде франциялық клуб тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде қатарынан төрт гол соғып үлгерді. Алдымен олардың қатарынан Жозу Невеш 6-минутта есеп ашса, ол 39-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Одан кейін «Интер Майами» сапынан Томас Авилес 44-минутта басымдықты арттырса, Ашраф Хакими 45-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.  

Бразилиялық клуб 1/8 финалда қосымша кезеңде «Ботафого» (Бразилия) клубын, англиялық клуб Португалияның «Бенфикасын» 4:1 есебімен сүріндірді.

Енді 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 1 шілдеде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Ювентус» (Италия), «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойнайды.

Ал 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.

Қазірге дейін 1/4 финалға «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» командалары жолдама алды.

Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Футбол 5 минут бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Футбол 8 минут бұрын

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Бокс 13 минут бұрын

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бокс 8 сағат бұрын

Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Лионель Месси клубтар арасындағы әлем чемпионатын аяқтады

Футбол 10 сағат бұрын

Лионель Месси клубтар арасындағы әлем чемпионатын аяқтады

ҚПЛ: «Астана» өз алаңында «Қызылжармен» тең түсті

Футбол 11 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» өз алаңында «Қызылжармен» тең түсті