11 сағат бұрын
ҚПЛ: «Астана» өз алаңында «Қызылжармен» тең түсті

Фото: Kffleague.kz
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 14-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турда елордалық «Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдады.
Кездесу барысында астаналық футболшылар ойынды сенімді бастаған еді. Нәтижесінде «Қызылжар» футболшысы Александр Нойок 7-минутта өзінің қақпасына гол соғып алды. Одан петропавлдық клубтан Евгений Горшунов таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңді елордалық ойыншылар белсенді бастады. Алдымен 51-минутта Назми Грипши мергендік танытса, 53-минутта Усман Камара басымдықты арттырды.
Ойын соңына таман «Қызылжар» футболшылары белсенді қимыл көрсетті. Қатарынан екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Бұл голдарды Сабино Дос Сантос Рафаэль 74, Сенин Себаи 79-минутта өзінің еншісіне жазды.
Командалар 3:3 есебіне қанағат білдірді.
Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубын 1:0 есебімен жеңсе, қызылордалық «Қайсар» Семейдің «Елімайына» 1:2 еесбімен есе жіберді.
Сондай-ақ «Тобыл» (Қостанай) мен «Жеңіс» (Астана) 2:2 есебімен түссе, «Ақтөбе» сырт алаңда түркістандық «Тұранды» 3:0 есебімен Аталған турда кеше, 28 маусымда «Атырау» мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0 есебімен тең түссе, жезқазғандық «Ұлытау» Талдықорғанның «Жетісуына» 1:2 есебімен есе жіберді.
