5 сағат бұрын

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Он турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.

Биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отырған клубтар бұл турда да ұпай қорын молайтуға тырысады. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Оныншы турдың ойын кестесі:

«Жеңіс» (Астана) - «Ұлытау» (Жезқазған)

«Жетісу» (Талдықорған) - «Оқжетпес» (Көкшетау)

«Тобыл» (Қостанай) - «Ақтөбе»

«Қайрат» (Алматы) - «Қызылжар» (Петроппавл)

«Атырау» - БИІК (Шымкент)

«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Астана»

«Қайсар» (Қызылорда) - «Елімай» (Семей).

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.


Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

Теннис 1 сағат бұрын

Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Бокс 1 сағат бұрын

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Алматыда теннистен дәстүрлі BAQ Open by Tion турнирінің жеңімпаздары анықталды

Теннис 2 сағат бұрын

Алматыда теннистен дәстүрлі BAQ Open by Tion турнирінің жеңімпаздары анықталды

Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Футбол 5 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Футбол 5 сағат бұрын

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Бокс 5 сағат бұрын

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі