6 сағат бұрын
Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Фото: Championat.com
Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында Германияның «Бавария» командасы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Германиялық команда 1/8 финалда Бразилияның «Флуминенсе» командасымен шеберлік байқасты.
Ойын барысында бразилиялық клубтан Эрик Пульгар 6-минутта автогол авторы атанса, одан кейін Гарри Кейн 10-минутта «Баварияның» басымдығын арттырды.
Одан кейін «Флуминенсе» ойыншысы Жерсон 33-минутта есеп айырмасын қысқартса, германиялық командадан Леон Горецка мергендігімен көзге түсті.
Ал 54-минутта Жоржиньо пенальтиді мүлтіксіз орындаса, Гарри Кейн 73-минутта ойынның нүктесін қойды.
Осылайша «Бавария» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Енді олар жарыстың аталған сатысында 5 шілдеде Францияның «Пари Сен-Жермен» клубымен шеберлік байқасады.
Енді 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 1 шілдеде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Ювентус» (Италия), «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойнайды.
Ал 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.
Қазірге дейін ¼ финалға «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» командалары жолдама алды.
