7 сағат бұрын
«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді

Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Шымкенттік «Ордабасы» 29 жастағы румындық жартылай қорғаушы Михай Капецынемен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Капецыне Румыния футболының тәрбиеленушісі. Ол өзінің мансабында «Волунтари», «Университетя» және «FC Olt Slatina» сияқты бірқатар жергілікті клубтарда өнер көрсетті. Кэпэцине алғаш рет өз мансабын отанынан тыс жерде жалғастырады.
