5 сағат бұрын

«Атырау» басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады

«Атырау» басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады

Фото: «Атырау» футбол клубы

«Атырау» командасының басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Клуб басшылығының айтуынша, клубқа келіп жатқан легионерлердің барлығы да демеушілік жеке қаражат есебінен төленеді. Оларға бюджеттің қаржысы жұмсалмайды.

- Екіншіден, Олжас Керімжанов, Вадим Яковлев сияқты тәжірибелі қазақстандықтарға басымдық беріліп, Темірлан Жиеналиев, Юсуф Саидалиев және Бейбіт Кереев сынды жергілікті жастар негізгі командаға көтерілді. Одан бөлек, Ринат Жұматов, Нұрасыл Тоқтаров, Ескендір Қыбырай, Ерсұлтан Қалдыбеков, Ян Труфанов, Карим Смыков секілді өз ойыншыларымыз да жоқ емес.

Үшіншіден, «Атырауда» бірнеше маусым өткізген Егор Хаткевич, Игорь Стасевич, Жоэль Каямба және т.б. футболшылар жағдайды тұрақтандыру үшін шақырылды. Сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасын өте жақсы білетін Руслан Юденков, Горан Милойко, Константин Дорофеев, Лука Згурский және т.б. легионерлер бекер алынған жоқ. Бүкіл легионерлер қазіргі таңда «Атырау» басты міндетін шешу мақсатында 3-4 айлық қана келісім-шартқа ие. Кез келген ауысым және трансфер «Атырау» клубының чемпионатта қалуы үшін жасалып жатқан жұмыс екенін ескерген жөн.

«Атырау» футбол клубы баршаңызды қаңқу әңгімелерге назар аудармай, команда атына нұқсан келтіретін ақпараттардан аулақ болуға шақырады, - деп жазылған хабарламада.

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Бокс 9 минут бұрын

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Әлем кубогы:  Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Бокс 45 минут бұрын

Әлем кубогы: Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Бокс 49 минут бұрын

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті

Дзюдо 2 сағат бұрын

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті

Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті

Бокс 5 сағат бұрын

Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті

«Атырау» басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады

Футбол 5 сағат бұрын

«Атырау» басшылығы соңғы трансферлер жайлы ресми мәлімдеме жасады