13 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Реал Мадрид» ширек финалға жолдама алды

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Реал Мадрид» ширек финалға жолдама алды

Фото: Championat.com

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алған барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыстың 1/8 финалындағы соңғы екі ойынның бірінде Испанияның «Реал Мадрид» клубы италиялық «Ювентуспен» шеберлік байқасты. Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де матчта небәрі бір ғана гол соғылды. Бұл голды 54-минутта Гонсало Торрес өзінің еншісіне жазды.

Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

Тағы бір ойында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Мексиканың «Монтеррей» командасымен ойнады. 

Германиялық команда бірінші кезеңде белсенді қимыл көрсетті. Олардың арасынан Серу Гирассидің шеберлігі айқын аңғарылып тұрды. Ол 14, 24-минуттарда мергендік танытты. Оған «Монтеррей» сапынан Херман Бертераме 48-минутта бір голмен жауап қайырды.

Қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырған «Боруссия Дортмунд» жарыстың келесі сатысына жолдама алды. 

Нәтижесінде ширек финалға шыққан барлық команда анықталды. Бұл ойындар 4 және 5 шілде күндері өтеді. Алдымен 4 шілдеде «Флуминенсе» (Бразилия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы), «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» (Англия), 5 шілдеде «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Бавария» (Германия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) ойнайды.

Ал жартылай финал ойындары 8 және 9 шілде күндеріне белгіленсе, финал 13 шілдеде болады.


Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды

Бокс 46 минут бұрын

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды

Әлем кубогы: Аида Абикеева ширек финалға жолдама алды

Бокс 50 минут бұрын

Әлем кубогы: Аида Абикеева ширек финалға жолдама алды

Виктория Графеева - жартылай финалда

Бокс 2 сағат бұрын

Виктория Графеева - жартылай финалда

Әлем кубогы: Бекзад Нұрдәулетов аустралиялық қарсыласының осал тұсын тапты

Бокс 5 сағат бұрын

Әлем кубогы: Бекзад Нұрдәулетов аустралиялық қарсыласының осал тұсын тапты

Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай жарысты жалғастыратын болды

Бокс 5 сағат бұрын

Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай жарысты жалғастыратын болды

Әлем кубогы: Гүлсая Ержан жарыс жолын аяқтады

Футбол 5 сағат бұрын

Әлем кубогы: Гүлсая Ержан жарыс жолын аяқтады