10 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов - «Оқжетпес» клубының жаңа бас бапкері

Қайрат Нұрдәулетов - «Оқжетпес» клубының жаңа бас бапкері

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовтің команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде хабарлады, деп мәлімдейді Sport12.kz

“Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері!

Қазақ футболының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тәжірибелі маман команда тізгінін ұстады.

“Еврокубокке шығу - мақсатымыздың бірі болмақ. Ең аз дегенде турнирлік кестедегі орынды сақтап қалуымыз керек. Бұрынғы бас бапкер мен бапкерлік құрамның керемет нәтижесін сақтай отырып, алдағы өтетін матчтарда тек жеңіске жету басты міндет.”

Сенім бар жерде – жеңіс бар!

Қайрат Жұмабекұлына алдағы жұмысына сәттілік пен жеңісті ойындар тілейміз!”, – деп жазды клубтың әлеуметтік парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Оқжетпесті» тізгіндеген Андрей Ферапонтов отбасылық жағдайына байланысты қоштасқанын мәлімдеген еді. Ол команданы Бірінші лигадағы сәтті маусымнан кейін Қазақстан Премьер-лигасына шығарып, күтпеген жерден турнирлік кестеде жоғары орындарға көтере алды. Қазіргі уақытта «Оқжетпес» ел чемпионатының 14 турынан кейін 21 ұпай жинап, алтыншы орында тұр.



ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 3 сағат бұрын

Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Ертуған Зейнуллинов - жартылай финалда

Бокс 3 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов - жартылай финалда

Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті

Бокс 4 сағат бұрын

Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті

Аида Әбікеева нокдаунмен жартылай финалға шықты

Бокс 4 сағат бұрын

Аида Әбікеева нокдаунмен жартылай финалға шықты

Алуа Балқыбекова жартылай финалға қадам басты

Бокс 4 сағат бұрын

Алуа Балқыбекова жартылай финалға қадам басты