9 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турында алматылық «Қайрат» Түркістанның «Тұранын» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды  Sport12.kz.

Алматылық команда өз алаңында өткен ойында тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Негізінен жастарға көңіл бөліп жүрген түркістандық клуб бұл жолы тәжірибелі қарсыласының ығына жығылды.

Ойын барысында алматылық клубтан жақында қатарға қосылған Рикардиньо 30-минутта есеп ашса, Юг Станоев 38-минутта басымдықты арттырды. Одан кейін «Қайраттың» жас футболшысы Рамазан Бағдат 75, 83-минутта гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша алматылық команда қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 36 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Аталған турдағы қалған ойындар 5 және 6 шілде күндері өткізіледі.

Енді 5 шілдеде 18:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Ұлытау» (Жезқазған), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), 20:00-де «Ақтөбе» мен «Атырау», «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» (Қостанай) ойнайды.

Сондай-ақ 6 шілдеде 19:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана», 20:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қайсар» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады.

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Футбол 9 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 10 сағат бұрын

Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Ертуған Зейнуллинов - жартылай финалда

Бокс 10 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов - жартылай финалда

Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті

Бокс 11 сағат бұрын

Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті

Аида Әбікеева нокдаунмен жартылай финалға шықты

Бокс 11 сағат бұрын

Аида Әбікеева нокдаунмен жартылай финалға шықты

Алуа Балқыбекова жартылай финалға қадам басты

Бокс 12 сағат бұрын

Алуа Балқыбекова жартылай финалға қадам басты