7 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Жартылай финалда «Флуминенсе» және «Челси» кездеседі

Клубтар арасындағы ӘЧ: Жартылай финалда «Флуминенсе» және «Челси» кездеседі

Фото: Championat.com

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алдымен Бразилияның «Флуминенсе» және «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) командалары жасыл алаңға шықты.

Турнирдің 1/8 финалында Англияның «Манчестер Сити» клубын қапы қалдырған «Аль-Хиляль» бұл жолы да қарсыласымен терезесі тең ойын көрсетті. Алдымен бразилиялық клубтан Мартинелли 40-минутта есеп ашса, Маркос Леонардо 51-минутта таразы басын теңестірді.

Ал 70-минутта Эркулес Перейра ду Насиментудың соққан голы бразилиялық клубқа жеңіс алып келді. 

Осылайша «Флуминенсе» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финал жолдамасына ие болды.  

Тағы бір кездесуде «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» (Англия) шеберлік байқасты. Ойын барысында англиялық клубтан Коул Палмер 16-минутта мергендік танытса, оған «Палмейрас» сапынан Эстевао бір голмен жауап қайырды. 

Ойын тағдырын 83-минутта бразилиялық клубтан Вевертонның автоголы шешті. 

Нәтижесінде «Челси» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Енді 8 шілдеде «Флуминенсе» мен «Челси» 1/2 финалда ойнайды.

Енді бүгін, 5 шілдеде ширек финалда 21:00-де «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Бавария» (Германия), 00:50-де «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі.

Әлем чемпионатының жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсіп жатыр.


Бесінші финал! Наталья Богданова чемпиондыққа таласады

Бокс 24 минут бұрын

Бесінші финал! Наталья Богданова чемпиондыққа таласады

Әлем кубогы: Виктория Графеева үндістандық қарсыласын жеңіп, финалға шықты

Бокс 38 минут бұрын

Әлем кубогы: Виктория Графеева үндістандық қарсыласын жеңіп, финалға шықты

Қазақстандық қос дзюдо төрешісі IJF халықаралық дәрежеге ие болды

Дзюдо 1 сағат бұрын

Қазақстандық қос дзюдо төрешісі IJF халықаралық дәрежеге ие болды

Үшінші финал! Назым Қызайбай Әлем кубогында үшінші жеңісіне жетті

Бокс 1 сағат бұрын

Үшінші финал! Назым Қызайбай Әлем кубогында үшінші жеңісіне жетті

Әлем кубогы: Нұрбек Оралбай жекпе-жексіз финалға шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Нұрбек Оралбай жекпе-жексіз финалға шықты

Клубтар арасындағы ӘЧ: Жартылай финалда «Флуминенсе» және «Челси» кездеседі

Футбол 7 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Жартылай финалда «Флуминенсе» және «Челси» кездеседі