10 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Реал Мадрид» жартылай финалға шықты

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Реал Мадрид» жартылай финалға шықты

Фото: FIFA

Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты жартылай финалына берілген соңғы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Испаниялық клуб ширек финалда Германияның «Боруссия Дортмунд» командасымен шеберлік байқасты.

Ойын барысында «Реал Мадрид» сапынан Гонсало Торрес 10-минутта есеп ашса, Франсиско Гарсия 20, Килиан Мбаппе 94-минутта басымдықты арттырды.

Оған германиялық клубтан Максимилиан Байер 92, Серу Гирасси 98-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Енді олар 9 шілдеде жартылай финалда Францияның «Пари Сен- Жермен» клубымен кездеседі. Франциялық команда ширек финалда Германияның «Бавариясын» 2:0 есебімен сүріндірді. 

Сондай-ақ бұған дейін Бразилияның «Флуминенсе» Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубын, Англияның «Челсиі» Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен жеңді. «Флуминенсе» мен «Челси» жартылай финалда 8 шілдеде ойнайды.

Әлем чемпионатының жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсіп жатыр.

Санжар Тәшкенбай - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Бокс 48 минут бұрын

Санжар Тәшкенбай - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Наталья Богданова - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Бокс 1 сағат бұрын

Наталья Богданова - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Виктория Графеева - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Бокс 2 сағат бұрын

Виктория Графеева - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Бекзад Нұрдәулетов нокдаунмен Әлем кубогын жеңіп алды

Бокс 3 сағат бұрын

Бекзад Нұрдәулетов нокдаунмен Әлем кубогын жеңіп алды

Нұрбек Оралбай - Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері

Бокс 3 сағат бұрын

Нұрбек Оралбай - Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері

Махмұд Сабырхан - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Бокс 3 сағат бұрын

Махмұд Сабырхан - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы