5 сағат бұрын
Футболдан әйелдер лигасында БИІК «Томирис-Тұранды» ірі есеппен жеңді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он екінші турында шымкенттік БИІК түркістандық «Томирис-Тұранды» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екі команда турнир кестесінде үздік үштікте келеді. Десе де шымкенттік клуб өз алаңында өткен кездесуде қарсыласын ірі есепппен қапы қалдырды. Бұл ойында БИІК түркістандық команданы 6:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді қолына алды.
Оныншы турдың ойын нәтижесі:
«Астана» - «Қайрат» (Алматы) 1:2
«Тобыл» (Қостанай) - «Жетісу» (Талдықорған) 2:0
«Елімай» (Семей) - «Жеңіс» (Астана) 1:3
«Ақтөбе» - «Қызылжар» (Петроппавл) 5:0
БИІК (Шымкент) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 6:1
«Қайсар» (Қызылорда) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 3:0
«Ұлытау» ()Жезқазған - «Атырау» 10:1.
Он екі турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
