7 сағат бұрын
Ел чемпионатының 15-турын 32 437 жанкүйер тамашалаған

Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында өткен жеті кездесуге жиналған жанкүйерлердің саны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ең көп көрермен жиналған кездесу Ақтөбеде өтті. «Ақтөбе» өз алаңында «Атырауды» 11 500 жанкүйердің алдында 2:0 есебімен жеңді.
Ал ең аз 300 көрермен Шымкентте өткен «Оқжетпес» – «Қайсар» ойынын тамашалады.
Маусым басталғалы бері Премьер-лига матчтарына жалпы саны 486 257 көрермен келген. Бұл көрсеткіш бір матчқа орта есеппен 4 587 көрерменнен келеді.
- «Ақтөбе» – «Атырау» (2:0) – 11 500 көрермен
- «Елімай» – «Тобыл» (2:3) – 7 000
- «Қайрат» – «Тұран» (4:0) – 5 137
- «Қызылжар» – «Ордабасы» (0:0) – 3 500
- «Жеңіс» – «Ұлытау» (2:0) – 3 000
- «Жетісу» – «Астана» (0:2) – 2 000
- «Оқжетпес» – «Қайсар» (4:2) – 300
