6 сағат бұрын
Қазақстан ерлер құрамасы таэквондодан әлем кубогында қола алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әлем кубогы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандастарымыз қола үшін ойында Марокко құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Құрама сапында сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез ел намысын қорғады.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінде Үндістанды ұтса, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді.
Енді ертең, 10 шілдеде әйелдер арасындағы командалық сайыс өтеді. Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыласы – қытайлық таеквондошылар.
Әлем кубогы 7-9 шілде аралығында өтеді. Бұл командалық жарыс - таэквондодан (WT) өтетін халықаралық деңгейдегі басты турнирдің бірі. Жыл сайын аталған додаға әлемнің түкпір-түкпірінен үздік құрамалар қатысады.
Аталған жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады. Олардың қатарында Ергеш Бекасыл, Қанат Альмира, Асқар Аяулым, Тәукенова Аида, Аймұқашева Камила, Марипов Абдрахман, Ғаниев Мерген, Газез Нұрбек бар.
