16 сағат бұрын
Дастан Сәтбаев Еурокубокта гол соққан ең жас қазақстандық атанды

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Олимпия» – «Қайрат» матчында алғашқы гол соғылды, деп хабарлайды sport12.kz.
Лондондық «Челсиге» тиесілі, алматылық клуб сапында жалға ойнап жүрген небәрі 16 жастағы Дастан Сәтбаев ойынның 60-минутында есепті ашты.
Осы голдың арқасында «Қайрат» түлегі Қазақстаннан шыққан ең жас футболшы ретінде еурокубок бәсекесінде мергендер қатарына қосылды.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы қарымта кездесу 15 шілде күні Алматыда өтеді.
