10 сағат бұрын

«Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионаты финалына шықты

«Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионаты финалына шықты

Фото: Championat.com

Англияның «Челси» командасы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты финалына жолдама алды, , деп хабарлайды Sport12.kz.

Англиялық клуб жартылай финалда Бразилияның «Флуминенсе» клубымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында негізінен «Челси» көбірек шабуылға көңіл бөлді. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде Жоао Педро 18-минутта мергендік танытып, англиялық клубтың жарысты жалғастыру мүмкіндігін арттыра түсті.

Екінші кезеңде «Челси» дәл сол қарқынынан жаңыла қойған жоқ. Кезекті шабуылдың бірінде Жоао Педро 56-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қарсыласын 2:0 есебімен қапы қалдырған «Челси» финалға жолдама алды. Енді аталған клуб финалда 13 шілдеде «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Реал Мадрид» (Испания) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.   

Топтық кезеңде «Челси» D тобында АҚШ-тың «Лос-Анджелесін» 2:0, Бразилияның «Фламенгосын» 3:1, Мысырдың «Эсперансын» 3:0 есебімен жеңді.

Келесі кезекте 1/8 финалда Португалияның «Бенфикасын» 4:1, 1/4 финалда Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, бүгін 23:50-де жартылай финалда «Пари Сен-Жермен» мен «Реал Мадрид» кездеседі.

Клубтық әлем чемпионатында ең көп жанкүйер жинаған клуб белгілі болды

Футбол

Клубтық әлем чемпионатында ең көп жанкүйер жинаған клуб белгілі болды

«Бавария» «Реал Мадрид» жұлдызын алғысы келеді

Футбол 13 минут бұрын

«Бавария» «Реал Мадрид» жұлдызын алғысы келеді

Ресейлік конькиші Голубева енді Қазақстанның намысын қорғайтын болды

Басқа 29 минут бұрын

Ресейлік конькиші Голубева енді Қазақстанның намысын қорғайтын болды

Титулын қорғай алмаған Рыбакина, ерте ұшқан теннисшілер: «Уимблдон» турнирінде отандастарымыз қанша пайда тапты?

Теннис 1 сағат бұрын

Титулын қорғай алмаған Рыбакина, ерте ұшқан теннисшілер: «Уимблдон» турнирінде отандастарымыз қанша пайда тапты?

«Дала қасқыры» фильмін қайдан көруге болады — «Сыншылар таңдауы – 2025» премиясының триумфаторы енді MEGOGO-да қолжетімді

Басқа 2 сағат бұрын

«Дала қасқыры» фильмін қайдан көруге болады — «Сыншылар таңдауы – 2025» премиясының триумфаторы енді MEGOGO-да қолжетімді

«Астана» клубының ойыншысы биылғы маусымдағы басты мақсаттарды атады

Футбол 2 сағат бұрын

«Астана» клубының ойыншысы биылғы маусымдағы басты мақсаттарды атады