8 сағат бұрын
Нұрсұлтан Құрман келісілген матч ұйымдастырушылар қатаң жазаланатынын айтты

Фотоо әлеуметтік желідегі парақшасынан
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман келісілген матч ұйымдастырушылары қатаң жазалануы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Қазақстан футбол федерациясы келісілген матчтар мәселесінің бар екенінен хабардар. Бұл – өткеннің ауыр мұрасы. Қазіргі Федерация басшылығы бұл мәселе бойынша аяусыз күрес жүргізіп жатыр.
Мұны жаппай жемқорлық деп түсінбеу керек. Ондай оқиғалар сирек кездеседі, бірақ соның өзі қатаң жазалануы керек. КФФ әділ ойынға қарсы кез келген әрекетке мүлдем төзбеушілік ұстанымын ұстанады.
Біздің бастамамызбен заңнамаға бірқатар өзгерістер әзірленді. Онда жауапкершілікті күшейту, тіпті қылмыстық жаза қарастыру ұсынылған. Қазір бұл ұсыныстар депутаттармен және тиісті органдармен талқыланып жатыр. Бұл — ұстанымға қатысты мәселе. Қазақ футболында ойынның абыройын сатып жүргендерге орын жоқ, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
