6 сағат бұрын
«Астана» клубының ойыншысы биылғы маусымдағы басты мақсаттарды атады

«Астана» клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко маусымның екінші жартысындағы команданың негізгі міндеттерін атады, деп хабарлайды Sport12.kz
- «Астанада» әрдайым мақсат — максимум. Ол үнемі орындалып келді. Ал орындалмаған сәттер нағыз апатпен тең болды. Қазір алдымызда екі негізгі міндет бар — чемпион атану және Конференциялар лигасының топтық кезеңіне өту», — деді Шомко.
Айта кетейік, елордалықтар 24 шілде күні Конференция лигасының 2-айналымында Молдованың "Зимбру" клубымен күш сынасады.
