6 сағат бұрын
«Бавария» «Реал Мадрид» жұлдызын алғысы келеді

«Бавария» «Реал Мадридтің» вингері Родриго Гоэсты өз құрамына қосқысы келіп отыр және футболшыға ресми ұсыныс жасауға дайын. Бұл туралы sport12.kz El Chiringuito журналисі Эдуардо Инданың ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Мюнхендік клубтан бөлек, бразилиялық ойыншыға «Арсенал», «Челси» және «Манчестер Сити» де қызығушылық білдіруде. Атап айтқанда, «Челси» Родригоның агентімен байланысқа шыққанымен, әзірге «Реалға» ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Ал мадридтік клуб басшылығы Родригоға 80 миллион еуродан төмен бағадағы ұсыныстарды қарастырмайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, өткен маусымда Родриго «Реал» сапында 54 матчқа қатысып, 14 гол соғып және 11 нәтижелі пас берген болатын.
