6 сағат бұрын
Кристиан Новак «Жеңіс» сапынан кетті

Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» футбол клубы мен Кристиан Новак арасындағы келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кристиан елордалық команда сапында 2024 жылғы маусым басынан бастап ойын көрсетті. Барлық турнирде 40 матч өткізді және бірқатар ойындарда команданы алаңға капитан ретінде бастап шықты. Ол команда сапында соңғы рет 2025 жылдың 24 мамырында «Астанаға» қарсы ойында алаңға шықты. Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздерден кейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданды.
