8 сағат бұрын
«ПСЖ» «Реалға» қарсы ойында үш минут ішінде екі гол соқты

«ПСЖ» клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында «Реалға» қарсы матчтың алғашқы тоғыз минутында екі гол соқты – есеп 2:0.
6-минутта париждік командаға есеп ашқан – Усман Дембеленің пасын алған жартылай қорғаушы Фабиан Руис.
Араға үш минут салып, Дембеленің өзі де мергендік танытып, француз ұжымының басымдығын арттырды. Бұл гол «Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигердің қателігінен кейін соғылды.
