20 сағат бұрын
Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Фото. «Тұран» футбол клубы
Ресейлік қақпашы Евгений Гошев «Тұран» сапын толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Евгений кәсіби мансабын 2015 жылы «Ростов» құрамында бастады. 2018 жылы ярославтық «Шинник» сапына ауысып, 2020 жылдан бастап «Оренбург» клубында өнер көрсетті. 2023 жылы «Динамо» (Махачкала), ал 2024 жылы «Тюмень» командасында ойнады.
