19 сағат бұрын
Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Фото: «Астана» футбол клубы
Черногория құрамасының 28 жасар вингер Дритон Цамай «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дритон – Подгорицадағы «Будучност» клубының түлегі. Бұған дейін ол хорватиялық «Интер Запрешич», черногориялық «Дечич», «Ловчен», «Искра» және венгриялық «Кишварда» клубтарында ойнаған. Цамайдың соңғы клубы – Венгрияның «Кечкемет» командасы болды.
Футболшы «Астана» сапында 11-нөмірмен ойнайды.
