6 сағат бұрын

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

Фото: Kffleague.kz

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында бес ойын өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бүгін, 12 шілдеде сағат 17:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Елімай» (Семей) ойнайды. Ал 20:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады. 

Ал 13 шілдеде 18:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Астана» ойнайды.

Бұл турдағы алдын ала өткізілген ойындарда 16 сәуірде алматылық «Қайрат» «Атырауды» 4:0 есебімен жеңсе, 14 мамырда қызылордалық «Қайсар» «Ақтөбеге» 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, қазір көш басында 37 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 36, «Ақтөбенің» 32 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Назми Грипши («Астана») 8 голмен көш басында тұрса, одан кейін Ислам Чесноков(«Тобыл»), Марин Томасов («Астана»), Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 7 гол соғып үлгерді.

Qazsport телеарнасы «Ақтөбенің» еурокубоктағы матчын неге көрсетпейді?

Футбол 2 сағат бұрын

Qazsport телеарнасы «Ақтөбенің» еурокубоктағы матчын неге көрсетпейді?

Эльхан Астанов «Ордабасы» клубына оралды

Футбол 3 сағат бұрын

Эльхан Астанов «Ордабасы» клубына оралды

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы қарымта кездесуі қашан басталады

Футбол 6 сағат бұрын

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы қарымта кездесуі қашан басталады

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

Футбол 6 сағат бұрын

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

«Қайрат» пен «Олимпия» кездесуінде кім төреші болады?

Футбол 10 сағат бұрын

«Қайрат» пен «Олимпия» кездесуінде кім төреші болады?

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 1 күн бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды