5 сағат бұрын
Жаңаөзенде Әмен Тұяқов атындағы стадион жаңғыртылады

Фото: Қазақстан футбол федерацмясы
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория мен Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz
Құжат аясында Әмен Тұяқов атындағы стадионның жасанды төсенішті алаңы ҚФФ-ның бұқаралық футболды дамытуға бағытталған «Алаң» жобасы негізінде қайта жаңартылады. Жобаның жалпы құны – 161 миллион теңге. Қаржыландыру бюджетке салмақ салмай, сыртқы инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.
Алаң жабындысы Еуропадан арнайы жеткізіліп, құрылыс жұмыстарын тәжірибелі мамандар жүргізеді. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылы дәл осы «Алаң» жобасы аясында еліміздің тағы 9 қаласында стадиондар жаңартылатын болады.
