10 сағат бұрын

«Келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін» - ҚФФ төрешілері жұмыстан шеттетілді

«Келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін» - ҚФФ төрешілері жұмыстан шеттетілді

Фото: ҚФФ

ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» - «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді.

12 шілдеде өткен матчтың 84-минутындағы эпизод жан-жақты талданып, бейнематериалдар қаралды. Төрешілердің түсініктемелері мен сарапшылар пікірі тыңдалды. 

Нәтижесінде «Тұран» қорғаушысы шабуылшыны екі қолымен ұстағаны анықталды. Алайда шабуылшының кейінгі әрекеті: әдейі құлау және шынайы жанасуға сай келмейтін симуляция ретінде бағаланды. 11 метрлік айып добын белгілеуге себеп болғанымен, бұл жағдайда ең дұрыс шешім – пенальти белгілемеу еді.

Бас төреші мен VAR тарапы эпизодты жеткілікті кәсіби деңгейде бағаламады. Сондай-ақ төрешілер бригадасының өзара үйлесімді әрекет етпеуі салдарынан негізсіз шешім қабылданғаны тіркелді.

Бұған қоса, Тимур Кумашев бұған дейін ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысымен бір айға төрешіліктен уақытша шеттетілген болатын. Ал Георгий Чеховскийге қатысты тергеу жүргізілгенге дейін оны да қызметінен шеттету ұсынылған.

Аталған екі тұлға да келісілген ойындарға қатысы бар деген күдікпен жүргізіліп жатқан тергеуге іліккен.

ҚФФ төрешілік жүйесіне деген сенімді сақтау және оның беделін қорғау мақсатында, сондай-ақ Интегрити офицерінің ұсынымына сәйкес:

– Тимур Кумашев 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.

– Георгий Чеховский 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.

Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

Теннис 3 сағат бұрын

Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

«Ордабасы» 6 жылдан кейін өз алаңында «Астананы» жеңді

Футбол 4 сағат бұрын

«Ордабасы» 6 жылдан кейін өз алаңында «Астананы» жеңді

Әлем кубогында сенсация жасаған шахматшы Меруерт Камалиденова жарысты жалғастырады

Басқа 5 сағат бұрын

Әлем кубогында сенсация жасаған шахматшы Меруерт Камалиденова жарысты жалғастырады

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Футбол 5 сағат бұрын

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

«Жеңістің» жеңіліссіз сериясы бес матчқа жетті

Футбол 6 сағат бұрын

«Жеңістің» жеңіліссіз сериясы бес матчқа жетті

«Тобыл»  ел чемпионатында камбэк жасап кетті

Футбол 6 сағат бұрын

«Тобыл» ел чемпионатында камбэк жасап кетті