9 сағат бұрын

«Тобыл» ел чемпионатында камбэк жасап кетті

«Тобыл»  ел чемпионатында камбэк жасап кетті

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турында көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бірінші таймда матчтың есебін күтпеген жерден қонақтар ашты. 43-минутта Дәурен Жұмат пенальтиден дәл соққы жасап, «Оқжетпесті» алға шығарды. Алайда екінші таймда қостанайлықтардың қарқынды шабуылына төтеп бере алмаған қонақтар екі гол өткізіп алды.

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Жаслан Жұмашев 64 және 72-минуттарда Николай Сигневичтің пасынан екі гол соғып, дубль авторы атанды және командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 2:1.

Бұл жеңістен кейін «Тобылдың» қоржынында 34 ұпай болып, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Оқжетпес» 24 ұпаймен алтыншы орында қалды.

«Тобыл» — «Оқжетпес» 2:1 (0:1)

Голдар: Жұмат, 43 минутта пенальти (0:1), Жұмашев, 64 минут (1:1), Жұмашев, 72 минут (2:1)



«Челси» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

Футбол 3 сағат бұрын

«Челси» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

Теннис 6 сағат бұрын

Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

«Ордабасы» 6 жылдан кейін өз алаңында «Астананы» жеңді

Футбол 7 сағат бұрын

«Ордабасы» 6 жылдан кейін өз алаңында «Астананы» жеңді

Әлем кубогында сенсация жасаған шахматшы Меруерт Камалиденова жарысты жалғастырады

Басқа 8 сағат бұрын

Әлем кубогында сенсация жасаған шахматшы Меруерт Камалиденова жарысты жалғастырады

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Футбол 8 сағат бұрын

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

«Жеңістің» жеңіліссіз сериясы бес матчқа жетті

Футбол 9 сағат бұрын

«Жеңістің» жеңіліссіз сериясы бес матчқа жетті