10 сағат бұрын

«Челси» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

«Челси» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Челси» (Англия) командалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz

Ойынның алғашқы минутынан англиялық команда тізгінді қолға алуға тырысты. Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген олар бірінші кезеңде қарсылас қақпасын үш мәрте дәл көздеді.

Алдымен Коул Палмер 22-минутта есеп ашса, ол 30-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Ойынның 43-минутында оның шығарған пасын әріптесі Жоао Педро тиімді пайдаланып, басымдықты арттыра түсті.

Осылайша англиялық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізді.

Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады.

Қатысушылардың турнирде жеңіске жету мүмкіндігін нақты есептеуді қалыптастыру үшін Opta 10 мың деректі орындауға мәжбүр болды. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5 пайызға бағаланды.

Ал «Челси» командасының мүмкіндігі - 8,4 пайызды шамалаған еді.

Әлем чемпионатының жүлде қоры — 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсті.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды

Футбол 13 минут бұрын

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында ең көп табыс тапқан клубтар белгілі болды

Футбол 20 минут бұрын

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында ең көп табыс тапқан клубтар белгілі болды

«Челси» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

Футбол 10 сағат бұрын

«Челси» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы

Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

Теннис 13 сағат бұрын

Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

«Ордабасы» 6 жылдан кейін өз алаңында «Астананы» жеңді

Футбол 14 сағат бұрын

«Ордабасы» 6 жылдан кейін өз алаңында «Астананы» жеңді

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Футбол 15 сағат бұрын

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін