3 күн бұрын
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды

2029 жылы өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын 32 команданың төртеуі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлемнің төрт конфедерациясында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қазірдің өзінде алдағы жаһандық доданың жолдамасын иеленіп қойды:
- «Пари Сен-Жермен» (Франция) - 2024/2025 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы;
- «Әл-Ахли» (Сауд Арабиясы) - 2024/2025 жылғы АФК Чемпиондар лигасының жеңімпазы;
- «Крус Асуль» (Мексика) - 2025 жылғы КОНКАКАФ Чемпиондар кубогының иегері;
- «Пирамидс» (Египет) - 2024/2025 жылғы КАФ Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Турнирдің қай елде өтетіні әзірге белгісіз. Алайда Испания, Португалия және Марокко елдері 2030 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастыру алдында тесттік режимде өткізуге ниет білдірді.
Сонымен қатар Қатар, Бразилия, АҚШ пен Аустралия да ықтимал үміткерлер қатарына кірген. Алайда қазіргі уақытқа дейін бірде-бір ел ресми өтініш тапсырған жоқ
