4 сағат бұрын
Марат Омаров: Қазақстан Конференция лигасы мен УЕФА Суперкубогын қабылдауға дайын

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстанның 2027 жылы УЕФА-ның конгресін өткізуге және Конференциялар лигасының немесе УЕФА Суперкубогының финалын қабылдауға ресми түрде дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Сондай-ақ, елімізде U19 және U21 Еуропа чемпионаты өткізу жоспарда бар..
Оның айтуынша, тиісті өтінім УЕФА-ға жолданған. Ойын Астана немесе Алматыда өтуі ықтимал.
«Александер Чеферин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Біз футболды дамытуға қатысты мазмұнды пікір алмасу өткіздік. УЕФА-мен күнделікті жұмыс істейміз. Бұл біздің негізгі реттеуші органымыз. Олар бізге әдістемелік қолдау көрсетіп, заманауи жобалармен жұмыс істеуге көмектеседі. Оның ішінде VAR жүйесі де бар. УЕФА бізге жыл сайын қаржылай көмек береді», – деді Омаров.
