8 сағат бұрын
Әлемдік футболдағы ерекше рекорд: Энцо – екі әлем чемпионатының жеңімпазы

«Челси» және Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес қазіргі уақытта ұлттық құрамамен де, клубпен де әлем чемпионы атанған жалғыз белсенді футболшы болып саналады. Бұл туралы лондондық клуб өз әлеуметтік желілерінде еске салды.
2022 жылы Энцо Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. Турнир Катарда өтті, ал финалда аргентиналықтар Франция құрамасын жеңді: негізгі және қосымша уақыт 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында Энцо Фернандес ойнаған команда 4:2 есебімен жеңіске жетті.
2025 жылы «Челси» АҚШ-та өткен клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды. Финалда лондондық клуб «Пари Сен-Жерменді» 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
