20 сағат бұрын
«Олимпия» бас бапкері Хорхе Симау: жолымыз болатынына сенемін

Словенияның «Олимпия» клубының бас бапкері Хорхе Симау Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Қайратқа» қарсы өтетін жауапты матч алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
— Мен «Қайраттың» бұл жолы ойынға басқаша дайындалатынына сенемін. Демек, біз де жаңа тәсіл ойлап табуға мәжбүрміз. Қарсыластың ойыны сапалы. Бірақ біз оны бейтараптандыруға дайын болуымыз керек. Жауапты матчтың ырғағы алғашқы кездесуден мүлде өзгеше болары сөзсіз. Қай команда келесі кезеңге өтетіні әлі белгісіз. Алайда біздің жолымыз болатынына сенемін, — деді Симау.
Еске салайық, алғашқы матч Люблянада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған. Енді қос команда арасындағы шешуші ойын 15 шілде күні 20:00-де Алматыда өтеді.
