10 сағат бұрын
«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Чемпиондар лигасының алғашқы кезеңінде «Қайрат» клубы өз алаңында Словения чемпионы «Олимпияны» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бірінші таймда алаң иелері белсенді болмағанымен, алматылықтар 2 дәл соққысын да голға айналдыра білді. Бастапқыда Жоржиньо баспен бағыттап есеп ашса, артынша Александр Мрынский қақпашымен бірге-бір шығып, таблодағы есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда алаң иелері қорғанысқа көшіп, есепті сақтап қалуға тырысты. Тіпті соңғы минуттарда алаң иелері үшінші голды да соққан еді. Алайда төреші ойыннан тыс қалды деп, голды есептемеді. Нәтижесінде матч 2:0 есебімен аяқталып, «Қайрат» келесі айналымға өтті.
«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Олимпия» (Любляна, Словения) 2:0 (2:0)
Голдар: Жоржиньо, 5 (1:0), Мрынский, 31 (2:0)
Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Милсами» (Молдова) – «КуПС» (Финляндия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл жұптың алғашқы ойыны 1:0 есебімен Финляндия чемпионарының пайдасына аяқталған болатын. Алматылықтар бірінші ойынын 22 немесе 23 шілде күні қонақта өткізеді.
